«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТУ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

29 қыркүйек 2026 139 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ихсан және Жастар ісі секторына жауапты мамандарға арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы, РАНТ мүшесі Бекзат Азатбекұлы Қусанбаев және Астана қаласы бойынша Жастар ісіне жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Шалқар Жолды спикер ретінде қатысып, дін қызметкерлерімен тәжірибе бөлісті.

Кездесу барысында мешіт мінберінде уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті, діни насихатты дұрыс әрі түсінікті жеткізу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар дін қызметкерінің жамағатпен қарым-қатынасындағы жауапкершілігі, әр аудиторияға лайықты тіл таба білу және діни мәселелерді байыппен түсіндірудің маңызына назар аударылды.

Семинардың негізгі мақсаты – елорда мешіттеріндегі жауапты мамандардың уағыз айту мәдениетін жетілдіру, діни насихаттың сапасын арттыру және жамағатқа дін құндылықтарын сауатты жеткізуге бағыт беру.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру