«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

02 маусым 2025 516 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде балаларға арналған дәстүрлі «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курсының ашылу рәсімі өтті.

Құран аяттарымен басталған іс-шараның ашылу салтанатында мешіт имамдары бүлдіршіндерді жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді. Аталмыш курстың маңыздылығына тоқталып, балалар бұл жерден діни біліммен қатар, әдеп пен тәрбие, салт-дәстүр сабақтары және танымдық ойындар арқылы жан-жақты дамуға мүмкіндік алатынын атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналар мен қатысушыларға курс бағдарламасы таныстырылып, арнайы дайындалған «Имандылық әліппесі» кітапшалары табыс етілді.

Айта кетейік, биылғы жылы «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсына 500-ден астам оқушы қабылданды. Балалар күн сайын үш сағат көлемінде мешітте білім алады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру