«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕГІ «MUNARA TV» СТУДИЯСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

03 желтоқсан 2025 162 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңарған «Munara TV» студиясының таныстырылымы өтті. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен бірге ҚМДБ басшылық құрамы, «Munara TV» телеарнасының директоры Болат Көкенай, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ақ жаулықты әжелер мен мешіт ақсақалдары да қатысып, студияның жаңа мүмкіндіктерімен танысты.

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңартылған студияның дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жобаларды дамытуға тың серпін беретінін жеткізді. Бұл алаңда онлайн дәрістер, сұхбаттар және түрлі рухани бағыттағы бағдарламалар тұрақты түрде әзірленетін болады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы телеарна қызметкерлеріне табыс тілеп, студияның елдің рухани дамуына қызмет ететін игілікті бастама екенін атап өтті.

Жиын соңында Бас мүфти мен ақсақалдар жаңа студияға ақ батасын беріп, атқарылатын істердің берекелі болуын тіледі.








 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру