Әзірет Сұлтан мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды
Бүгін Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітіне ұстаз тағайындалды. Екінті намазына жиылған жамағат алдында Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы жаңадан тағайындалған Хамит Мырзагелдиевті таныстырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ енді ғана қызметіне кіріскелі жатқан ұстаз Хамит Әліпбекұлының жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі. Айта кетейін Хамит Әліпбекұлы бұған дейін елордадағы Төлебай мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
Мырзагелдиев Хамит Әліпбекұлы
1986 жылы Түлкібас ауданы, Елтай ауылында туған.
Отбасылы, 3 баланың әкесі
Білімі:
2006-2010 ж.ж Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетін «исламтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
2015 ж. Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласындағы «Буғусул исләмия» 3 айлық білім жетілдіру курсын оқыған.
2015 ж. Алматы қаласы имамдардың білімін жетілдіру институтын қызыл дипломмен тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2010-2013 ж.ж Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» атындағы мешітте наиб имам;
2013-2016 ж.ж. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінің бас имамы;
2016-2018 ж.ж Шымкент қалалық «Абдул-Хамид Қаттани» мешітінде наиб имам;
2019-2020 ж.ж. Астана қаласы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің наиб имамы;
2021 жылы Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы;
2022-2025 ж.ж. ҚМДБ жанындағы «Республикалық Бас мешіт» ұстазы;
2025 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы «Төлебай» мешітінің наиб имам
%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)
%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C)%20(%D0%9A%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D1%8C).jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі