- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
.jpg)
Астанада алдағы Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз конференциясы өтті. Оған «Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Басир Сұлтанбейбарс Асанұлы, Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шағалтаева Айгүл Қошмұхамбетқызы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов қатысты.
Жиында Жұманазар Өсерханұлы құрбандыққа шалынатын мал түрлері, құрбандық малына қойылатын негізгі талаптар, еттің үлестірілу тәртібі сынды мәліметтерді қамтып өтті: «Құрбан айт – мұсылман жұртшылығы үшін ұлық мерекелердің бірі. Бұл күндері шамасы келген әрбір мұсылман құрбан шалып, Алланың разылығына бөленуге тырысады. Құрбандыққа шалынатын мал түрлері: қой, ешкі – бір адамның атынан шалынады. Сиыр мен түйе – жеті адамға дейін ортақ шалуға болады. Ал, малға қойылатын негізгі талаптар: сау, кемшіліксіз болуы тиіс (көзі соқыр, құлағы немесе құйрығы кесілген, ауру т.б. болмауы керек). Қой мен ешкі – кемінде 1 жаста, сиыр – 2 жаста, түйе – 5 жаста болуы қажет. Еттің үлестірілу тәртібі: 1/3 – өз отбасына, 1/3 – туыс, көрші, дос-жаранға, 1/3 – мұқтаж жандарға беріледі».
Ал, Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Қыдырбайқызы Құрбан айт күні мал сою кезінде инфекциялық және паразитарлық аурулардың таралу қаупі жоғары екенін атап өтті. Сол себепті жеке гигиена талаптары қатаң сақталуы тиіс екенін жеткізді.
Айта кетсек, Астанада Құрбан айт мерекесі 2025 жылғы 6–8 маусым күндері аталып өтеді. 6 маусымда таңғы сағат 6:00-де барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу рәсімі сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін арнайы белгіленген орындарда өтеді.
Биыл елордада 6 мал сою орны бекітілді. Олар: «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата», «Ет хан», «Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б мал базары.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram