«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

19 маусым 2024 1073 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, мешіт жанындағы «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекетқызының ұйымдастыруымен дін мен дәстүр бағытында қызбала шәкірттерге тәрбие сабағы өткізілді.

«Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне әдеттегі үрдіс бойынша дәстүр құндылықтары түсіндірілді. Әжелер қауымы қызбала шәкірттерге өрмек тоқу, ұршық иіру, құрақ құрау, шұлық тоқу, кесте тігу, жүн түту секілді қолданбалы өнер түрлерін түсіндіріп, қазақ әйелдерінің ұлттық болмысымен таныстырды.

Одан бөлек амандасу, сәлем-сауқат сұраудың мәдениеті мен түрлері айтылды. Және ұлттық ас мәзірі де назардан тыс қалыс қалмады. Жүгері, тары, бидай көжелердің жасалу жолдары көрсетілді.

Еске салсақ, өткен жолы шәкірттердің киіз үйдің тарихымен таныс болғанын хабарлаған едік. «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері осылайша рухани әрі дәстүр құндылықтарымен қатар сусындап келе жатыр.

4 адам кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам кескіні болуы мүмкін

3 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

11 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру