«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЖЫМЫ БАС МЕШІТКЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

23 қыркүйек 2022 380 0
Оқу режимі

Елорда төрінде жақында ғана бой көтерген Республикалық Бас мешіт – әлемдік ондық кірген көлемімен ғана емес, көз тартар көркі мен ұлттық нақыштағы сәулетімен де ерекшеленетін айрықша құлшылық ордасы. Ел мұсылмандарының мақтанышындай болған Бас мешітке келушілердің де әлі күнге толастамауы да осыны аңғартатындай. Бүгінгі таңда мешіт қызметкерлерінің қатары үздік мамандармен толығып, жұмыс барысы іптен қарқындай түскен.

Жаңа ашылған Бас мешітке бүгін «Әзірет Сұлтан» ұжымы арнайы зиярат жасап, құлшылық ордасына өз құттықтауын білдіріп қайтты. Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған ұжым Бас мешіттің қызметкерлерімен жүздесіп, тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтарды мешіт имамы Қанат Қыдырмин қарсы алып, заманауи технологиямен жабдықталған жаңа мешіттің ерекшеліктерін көрсетті. Жұмыс жоспарына енгізілген жаңа жобалар жайында ақылдасып, тәжірибе алмасуға шақырды.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов ұжым атынан құттықтау лебізін білдіріп, Қанат Қоянбекұлына қазақы дәстүрімізге сай шапан жауып, құрмет көрсетті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің атынан Алланың 99 есімі жазылған сурет тарту етіліп, әйел ұстаздар жаңа құлшылық ордасына жақсылық тілеп, жамағатқа шашу шашты.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру