«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ЖҰМАҒА КЕЛГЕН ЖАМАҒАТҚА «ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

14 маусым 2024 384 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа «Пәтуа сағаты» өткізілді.

Мешіт ұстазы Шалқар Жолды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан мақұлданған діни үкімдерді таныстырды. Атап айтсақ, алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне байланысты құрбан шалу шарттары және мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен құлшылығына қатысты көптеген мәселелердің түйіні тарқатылды.

Әр жұма сайын Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде «Пәтуа сағаты» өткізіліп келеді. Басты мақсат – жамағат арасында туындаған шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап беру, көпшілікке шариғи үкімдерді таныстыру.

5 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

1 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

13 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру