Бас имам елордадағы құрылыс бітпеген мешіттерді аралады

03 шілде 2026 53 0
Оқу режимі

Қала бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы елордадағы құрылысы бітпеген мешіттерді аралап, қазіргі тынысымен танысты. Аралау іс-шарасына Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы қатысты.

Байқоңыр және Сарайшық аудандарында салынып жатқан қос мешіттің қазіргі жай-күйімен танысқан соң негізгі мәселелер айтылды. Бас имам ҚМДБ және өкілдік тарапынан құжат мәселесінде көмек көрсету керек болса дайын екенін жеткізді. Одан бөлек мешіт аумағын игеру, жамағаттың келіп-кетуіне жағдай жасау, жылу-су құбырларының сапалы болуы сондай-ақ тазалық мәселесі де осы жиында айтылды.  

Бас имам аталған аудандарда мешіт салу ең алдымен жамағаттың ұсынысы екенін айтып өтті. Өйткені дәл осы аудан тұрғындары өз өтініштерінде жұма және бес уақыт намазға бару басқа мешіттерге алыс екенін жеткізген.

 

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру