Бас имам медресе шәкірттеріне қайырымдылық көмек табыстады
02 маусым 2026
107
0
Оқу режимі
Астана қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының Астана медресе-колледжіне жасаған сапары аясында шәкірттерге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі іс-шараның мақсаты – діни білім алып жүрген шәкірттерге қолдау білдіріп, олардың білім жолындағы талпынысына демеу көрсету. Қайырымдылық аясында медресе шәкірттеріне қажетті көмек түрлері табысталып, оларға ізгі тілектер айтылды.
Шара барысында Нұрбек қажы Әуесханұлы қайырымдылықтың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, жастарды білімге ұмтылуға, ел мен дінге қызмет етуге шақырды.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру