БАС ИМАМ ЖАЗУШЫ РОЗА МҰҚАНОВАНЫҢ ҮЙІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

23 қаңтар 2026 51 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов көрнекті жазушы, драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Қажығалымқызы Мұқанованың үйіне арнайы зиярат жасап барды.

Қазақы дәстүрге сай бас имам қаламгерге сәлем беріп, былтыр дүниеден өткен ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Әкім Тарази атамыздың рухына Құран бағыштады.

Кездесу барысында Ерболат Жүсіпов пен Роза Қажығалымқызы қазіргі әдеби үдеріс, заманауи шығармалардың бағыты, қоғамға қажетті рухани пьесалар, тәрбиелік мәні бар әдеби кездесулер мен отбасы құндылықтары төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ алдағы уақытта мешіттегі әйел жамағатымен арнайы кездесу ұйымдастыру мәселесі де талқыланды.

Зиярат соңында бас имам жазушыға естелік сый-сияпат табыс етті. Өз кезегінде Роза Қажығалымқызы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру