Бас мешіттің әйел шәкірттері «Құран әліппесін» тәмамдады (ФОТО)

18 ақпан 2022 4841 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Діни сауат ашу курсында оқитын әйел шәкірттерге арналған «Құранмен қауышу» шарасы болып өтті. Оқу жылының ортасына таман жаңадан қабылданған шәкірттердің «Құран әліппесін» толықтай меңгеріп шығуына орай ұйымдастырылған шара аясында 60-тан қыз-келіншекке арнайы анықтама қағазы табысталды.

Рспубликалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Динара Құтқожақызы, Эльмира Бұхарбаева және Зарина Шамидуллақызы шәкірттерге бүгінгі шараның мән-маңызын түсіндіріп, діни білім жолындағы алғашқы белестерімен құттықтады. Құран оқудың пайдасы мен сауабы жайында насихат айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Шараға қатысушы шәкірттердің барлығына арнайы анықтама қағазымен бірге қасиетті Құран кітабы сыйға берілді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру