Бас мүфти Алтай республикасының мүфтиімен кездесті (ФОТО)

25 қараша 2021 1945 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы Алтай Республикасы мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі, Ресей Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жанболат Оқтаубаевпен кездесті.

Мәртебелі мейман Алтай Республикасындағы қазақ имамдарға қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымына алғысын білдірді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма тарапынан қолдау жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

«Біз өз мүмкіндігіміздің аясында шет елдегі қазақ имамдарына көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жанболат Оқтаубаевтың өтініші бойынша Алтай Республикасындағы қазақ имамдарына қызметтік шапан, Діни басқармадан шыққан кітаптар мен газет-журналды жеткізіп беретінін атап өтті. Өз кезегінде Жанболат Оқтаубаев Бас мүфтиге ризашылық ниетін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру