Бас мүфти ақсақалдармен жүздесті (ФОТО)

22 қазан 2021 2315 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласындағы өкілдігі ғимаратында қазыналы қариялармен жүздесті.

«Қасиетті жұма күні өздеріңізбен жүздесіп, сіздердің ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау үшін осы басқосуға жиналып отырмыз. Себебі сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін қымбат. Біз бұрыннан ақ сақалды атаның ақ батасын алған, аталы сөзіне тоқтаған, олардың айтқанын заң деп қабылдап, бұлжытпай орындаған елміз. Аллаға шүкір, осы үрдіс әлі күнге дейін үзілмей келе жатыр. Сіздердің ақ баталарыңыз, жылы лебіздеріңіз бізге рухани күш береді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 7 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмысын таныстырды. Ақпарат және қоғаммен байланыс бағыты бойынша өткізілген кездесуде ҚМДБ Төрағасы ақсақалдардың ұсыныс-тілегін тыңдады.

Шара соңында ақсақалдар ҚМДБ жұмысына сәттілік тілеп, мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, бата берді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру