Бас мүфти «Арыс» мешітінің ашылуына қатысты (ФОТО)

26 қыркүйек 2020 3358 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Түркістан облысына арнайы ресми сапармен барды.

Сапар аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында салынған Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылындағы «Арыс» мешітінің ашылуына қатысты.

Салтанатты шара алдымен Құран оқумен басталды. Содан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйледі. «Мешіт – рухани һәм тәлім-тәрбие беретін қасиетті орын. Сондықтан мешіт елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет етуі қажет» деді Бас Мүфти.         

Айта кетейік, «Арыс» мешіті жергілікті тұрғындардың көмегімен салынды. Жаңа мешітке 2300 адам сияды. Мешіттің жылу жүйесі, дәрісханасы, діни қызметкерлерге арналған, сондай-ақ неке және қабылдау бөлмелері бар. Одан бөлек 150 автокөлікке арналған тұрақжайы бар.

 

 

Пікірлер Кіру