БАС МҮФТИ «АСТАНА» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ АВТОКӨЛІК КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

23 маусым 2026 118 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Астана» медресе-колледжіне 12 орындық Toyota Hiace автокөлігінің кілтін табыстады.

Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен оқу орнының қажеттілігі үшін берілген автокөлік диплом табыстау салтанаты аясында медресе-колледж басшылығына тапсырылды.

Автокөлік шәкірттердің оқу-тәжірибелік сапарларын ұйымдастыруға, түрлі рухани-ағартушылық, мәдени-танымдық іс-шараларды өткізуге және оқу орнының қызметін тиімді жүзеге асыруға пайдаланылатын болады.

Бас мүфти өз сөзінде діни білім беру ісін дамытуға, медресе-колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім алушыларға қолайлы жағдай жасауға әрдайым көңіл бөлінетінін атап өтті.




Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру