Бас мүфти Атырауда жаңа мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)

15 қыркүйек 2021 2404 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти құлшылық үйін тұрғызып жатқан Арман Тоғаевқа алғысын білдіріп: «Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Адам жүрегі мешітте тыныштық табады. Мұсылман мешіттен рухани қуат алып, отбасын ізгілікке тәрбиелейді. Алла Тағала ізгі істеріңізге мол сауаптан жазғай», – деді.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 500 адам құлшылығын өтей алады. Бүгінде облыс бойынша 35 мешіт жұмыс істейді. Атырау қаласында 7 мешіт бар. Алдағы 2 жыл көлемінде тағы 25 мешіт салынады. Облыс бойынша 79 дін қызметкері жұмыс істейді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру