БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауих намазына қатысып, жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтады.
Сондай-ақ, жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Қасиетті айдың мұсылмандар үшін ерекше мәні бар екенін атап өтіп, оразаның рухани тазалыққа, сабырлыққа және мейірімділікке жетелейтінін жеткізді. Жамағатты Рамазан айында көбірек құлшылық етіп, жақсылық жасауға, ораза уақытын мейлінше мол көркем амалдармен өткізуге шақырды.
Тарауих намазынан кейін жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін көпшілікпен дұға жасалды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі