Бас мүфти Есенғали Раушановтың туыстарына көңіл айтты

16 сәуір 2021 2783 0
Оқу режимі

Халқымыздың көрнекті ақыны, қабырғалы қаламгер Есенғали Раушанов дүниеден озды. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұлт руханияты үшін аянбай еңбек еткен Есенғали ағамыздың ақындығы мен дархандығы ерекше еді. Марқұмның туыстарына, жақындарына және Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын.

Есенғали ағамыздың артында қалған рухани мол мұрасы ұрпақ жадында ғасырлар бойы сақталады деген сенімдеміз. Алла Тағала ол кісіге рақым етсін. Алды – пейіш, арты кеніш болғай!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру