Бас мүфти Германия елшісімен кездесті (ФОТО)

09 қыркүйек 2020 2994 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннерді қабылдады.

Кездесуде қоғамдағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықты сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ, рухани саладағы Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Елші Тило Клиннер Бас мүфтиге Қазақстандағы көпконфессиялы діни бірлестіктердің қызметіне зайырлы көзқарасты мысал ретінде келтіре отырып, Германиядағы діни бірлестіктермен де ұқсас жұмыс атқарылып жатқандығы туралы жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.  

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру