Бас мүфти: Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға (ФОТО)

04 ақпан 2022 2651 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді. 

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы. Дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс. Сондықтан біз, дін қызметкерлері сүннетті салтымызға айналдыруымыз қажет», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру