БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

02 желтоқсан 2022 1445 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

«Әбсаттар қажы Бағысбайұлы отандық дін мамандарын даярлауға баса көңіл бөліп, 2001 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін ашты. Қазіргі таңда аталмыш университет діни жоғары білімді маман даярлайтын бірден-бір оқу орынға айналды. Мешіттерде қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында 2002 жылы «Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтын» ашып, имам, молдалардың білімін жетілдіру ісін қолға алды.

Сонымен қатар республикамыздың 9 аймағынан 9 медресе, 1 қарилар даярлайтын орталық ашып, арнаулы діни білімді мамандарды шығаруға сүбелі еңбек етті» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру