БАС МҮФТИ ХАЖЫ БАЙРАМ-УӘЛИ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

05 тамыз 2026 100 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Анкара қаласындағы көрнекті ғұлама, Хажы Байрам-Уәли кесенесіне зиярат жасады.

Зиярат барысында Бас мүфти Құран аяттарын оқып, дұға бағыштады. Сондай-ақ Хажы Байрам-Уәлидің рухани мұрасы мен түркі-мұсылман әлеміндегі орны туралы мәліметтермен танысты.

Айта кетейік, Хажы Байрам-Уәли – Анадолы жеріндегі рухани ілімнің дамуына үлес қосқан көрнекті ғұлама.








Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру