Бас мүфти Мағжан Жұмабаевтың рухына Құран бағыштады (ФОТО)

17 қазан 2021 384 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына барған жұмыс сапарында Мағжан Жұмабаев ауданында болып, ақын рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

«Уа, Алла Тағала! Сен аса Мейірімдісің! Халқымыздың болашағы жолында құрбан болған Мағжан атамызды, оның отбасы мен туыстарын рақымыңа бөлегейсің. Халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп ете гөр. Тәуелсіздігімізді баянды еткейсің. Әмин» деп дұға етті Бас мүфти.

Мағжан Жұмабаев – ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Алайда солақай саясаттың құрбаны болды. Ол қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Алла рақымына бөлегей!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру