БАС МҮФТИ МӘСКЕУДЕ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

12 желтоқсан 2023 1909 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаевпен кездесті.

Кездесуде адамзат баласын бірлік пен игілікке үндеудің маңызы сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің бүкіл халықты бейбітшілікке үндеу жолындағы рөлін айрықша атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түрлі бағыттағы жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Дәурен Әскербекұлы мүфтияттың ел игілігі жолындағы ізгі бастамаларына сәттілік тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру