БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

04 тамыз 2026 65 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевпен кездесті.

Кездесу барысында Түркияда білім алып жүрген қазақстандық талапкерлердің жағдайы, олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау, діни білім беру саласындағы өзекті мәселелер және екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстарды одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевке Түркияда білім алып жүрген қазақстандық талапкерлерге көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдірді.












Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру