Бас мүфти Құрманғазы ауданы жұртымен жүздесті (ФОТО)

16 қыркүйек 2021 379 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысы Құрманғазы ауданында болып, жергілікті  жұртшылықпен кездесті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге жергілікті әкімдіктің жауапты қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы алғашқы сөзді Бас мүфтиге ұсынды. Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жұмысында жеті бағытқа басымдық береді. Соның бірі – дін мен дәстүр. Біз жастарды имандылыққа шақырумен қатар оларды салтымызды сақтап, дәстүрімізді құрметтеуге үндеп келеміз. Өйткені, біздің дәстүріміз ізгілік пен тәрбиеге тұнып тұр. Сондықтан біз өскелең ұрпақты дәстүрге баулуымыз керек. Отбасыда жақсы тәрбие көрген ұл мен қыз ешқашан діні мен дәстүріне опасыздық жасамайды. Қоғамда отбасы құндылықтарын қалыптастыруға баршамыз үлес қосайық», – деді.

Кездесуде аудан ардагерлері көкейде жүрген сұрақтарын Бас мүфтиге қойып, жауап алды. Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасына діни ахуалды жақсартуға, жастарды жат ағымның ықпалынан арашалап алуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру