Бас мүфти Қырғызстан президентімен кездесті (ФОТО)

17 қыркүйек 2018 8053 0
Оқу режимі

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте өткен «Рухани Жібек жолы» халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Эстония елдерінің Бас мүфтилерін қабылдады. Кездесуде қырғыз басшысы «Рухани Жібек жолы» халықаралық конференцияның маңыздылығын атап өтті.

«Бір мезетте бірнеше елдің Бас мүфтилерінің келуі - біздің мемлекетіміздің қоғамдық, мәдени һəм рухани өмірінде елеулі оқиға», - деді Сооронбай Жээнбеков.

Басқосуда дін қайраткерлері арнайы қабылдау жасаған қырғыз басшысына шынайы алғысы мен ризашылығын білдіріп, 2019 жылы «Рухани Жібек жолы» конференциясы Қазақстанда өтетінін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру