БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕРДІҢ СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРДІ (ФОТО)

24 қараша 2022 1750 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне насихат айтты.

«Өткен уақыт қайтып келмейді. Хасан әл-Басри былай деген: «Әр өткен күн адам баласына былай айтады екен: «Ей, адам баласы! Мен жаңа күнмін. Сенің амалдарыңа куәлік етудемін. Егер өтіп кете барсам, мен қайтып оралмаймын».

Сондықтан біз уақытымызды, әсіресе жастық шағымызды көбірек Алланың кітабын оқуға, оны жаттауға, құлшылық жасауға, білім алуға, отбасыға көңіл бөлуге, оның ішінде бала тәрбиесіне, туған-туыстармен байланысты арттыруға, тағы басқа игі амалдарға арнауымыз қажет» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру