БАС МҮФТИ «ТАЛАБА» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

04 тамыз 2026 65 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған сапары аясында Анкара қаласында білім алып жүрген мүфтиятқа қарасты «Талаба» қауымдастығының шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан арнайы дастарқан жайылып, Бас мүфти тағылымды насихат айтты. Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттерге білім жолындағы ізденістеріне береке тілеп, дендеріне саулық, оқуларына табыс тіледі. Сонымен қатар елден жырақта жүрген жастарға түрлі саяси және діни ағымдардың ықпалынан сақ болып, ұлттық және діни құндылықтарға берік болуға кеңес берді.















Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру