БАС МҮФТИ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ

31 шілде 2026 76 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Төралқа мәжілісі өтті.

Жиынға ҚМДБ Орталық аппаратының қызметкерлері мен облыс Бас имамдары қатысты.

Жиын барысында ҚМДБ қызметінің негізгі бағыттары, өңірлердегі діни ахуал, мешіттердің қызметін жүйелеу, кадр даярлау, діни-ағарту және ақпараттық-насихат жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жастармен жұмысты жандандыру, діни әдебиеттерге сараптама жүргізу және пәтуа беру бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.

Жиынды қорытындылаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.











Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру