БАС МҮФТИ ТҮРКИЯДА БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

06 тамыз 2026 67 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына жасаған сапары аясында Ыстамбұл қаласында білім алып жүрген мүфтиятқа қарасты «Талаба» қауымдастығының шәкірттерімен кездесті.

Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттерге білім жолындағы ізденістеріне береке тілеп, дендеріне саулық, оқуларына табыс тіледі. Сонымен қатар елден жырақта жүрген жастарға түрлі саяси және діни ағымдардың ықпалынан сақ болып, ұлттық және діни құндылықтарға берік болуға кеңес берді.

Сондай-ақ, кездесу аясында ҚМДБ тарапынан Қазақстандық студенттерге арнайы дастархан жайылды.












Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру