БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ АРНАҒА СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО)

07 наурыз 2024 1609 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Qazaqstan» ұлттық арнасына оразаның мәні мен маңызы, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жөнінде арнайы сұхбат берді.

Арна тележүргізушісі Шерхан Жамбылұлы жүргізген бағдарламада Бас мүфти: «Ізгілерден қалған мынадай сөз бар: «Кемелдікке жету үшін адам баласына төрт-ақ нәрсе керек: аз ішіп-жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу һәм көпшіліктен арагідік бөлініп, оңашалану». Пенде осы аталған төрт қасиетке ораза ұстау арқылы кемелдікке жетеді. Шын мәнінде күні бойы аш құрсақ жүрген адам бір ай бойы аз тамақ жеуге дағдыланады. Күнін оразамен өткізген мұсылман түнін құлшылыққа арнайды. Түнгі намаздарға көңіл бөліп, жамағатпен тарауық намазына қатысады. Одан бөлек таң намазы алдында түнгі тәһажуд намазын өтейді. Аузы берік адам артық сөйлеп қоюдан сақтанады, осылайша аз сөйлеуге дағдыланады. Ал Рамазан айының соңғы он күнін оңаша өткізуге ниет танытқан пенде иғтикафқа кіріп, өзін дүние істерінен босатып, уақыты мен күш-жігерін құлшылық жасауға арнайды. 

Алла Тағала Рамазан айындағы оразамызды, Қадір түніндегі дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Келесі Рамазан айына аман-есен жетуімізді Алла нәсіп етсін! Әмин!» деді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру