Бас мүфти «world clean up day» акциясына қатысты (ФОТО)

19 қыркүйек 2020 509 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен «World clean up day» – «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты.

Еліміз бойынша алғаш өткізіліп жатқан шарада Бас мүфти ағаш отырғызып, акцияға қолдау білдірді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «World clean up day» – «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысушылар елордалық триатлон паркінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру