Бас мүфти жазғы лагерь балаларын мерекемен құттықтады

01 маусым 2026 104 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде басталған жазғы сауат ашу курсының бүлдіршін шәкірттерін мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ кездесуге Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлы және мешіттің дін қызметкерлері қатысты.

Бас мүфти өз сөзінде балалардың сапалы білім алып, өнегелі тәрбиемен сусындап, ел болашағына қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасуының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар шәкірттерге ақ батасын беріп, жарқын болашақ пен амандық тіледі.

Мерекелік шара барысында балаларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндер еркін сұхбаттасып, естелік суреттерге түсті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты көңіл күйі мерекенің ерекше атмосферасын айшықтай түсті.

Айта кетейік, «Имани жаз-2026» жазғы лагерінің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру