БАС МҮФТИ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

04 наурыз 2024 1468 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты Құран Хатым шарасына қатысып, ел мен жердің амандығы үшін дұға жасады.

«Уа, Жаратушымыз Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті «Құран» аяттарының нұрыменен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай көр! Алматы халқына Өзің жеңілдік, сабыр нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Бізді алдымыздан, артымыздан, оң жағымыздан, сол жағымыздан, төбемізден (аспаннан) және жер астынан аяқ-асты келетін барлық қауіп-қатерден, бәледен Өзің сақтай гөр! Әмин» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, бүгін Алматыда сағат 11:00 шамасында жер сілкініп, тұрғындарды әбігерге салды. Алла Тағаладан алматылық ағайынның амандығын сұрап, Өзінің қорғанында болуын тілейміз.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру