Батыржан Мансұров жұма намазын жүргізді (ФОТО)

04 қыркүйек 2021 2722 0
Оқу режимі

Түркістан қаласына арнайы сапармен келген ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жергілікті жамағатпен жүздесіп, Жұма намазын жүргізді.

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өтетін Х республикалық жарыстың арнайы жұмыс тобын бастап келген Батыржан Берденұлы «Жәннат – Жаратқанның сыйы» тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Сондай-ақ ел амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында Жұма намазы карантинге байланысты мешіт аулаларында атқарылып келеді.

Бүгін еліміз бойынша сағат 14:00-де жалпы жұртшылық болып дұға етуге шақырылған. Түркістан облыстық мешітіне Жұма намазына жиылған жамағатпен бірге Батыржан Мансұров дұға етті. Өңір мешіттерінде намаз ашық ауада оқылып жатыр.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру