Беларусь мүфтиі ҚМДБ төрағасын құттықтады (ФОТО)

11 ақпан 2020 3662 0
Оқу режимі

Беларусь Республикасының мұсылмандары діни басқармасы мүфтиі Али Воронович Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

«Беларусь республикасының мұсылмандары діни басқармасы, Беларусь мұсылмандары және жеке өзімнің атымнан жаңа қызметке сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мұсылмандары және бүкіл халық үшін қызмет жасауға сізге Алла Тағала жәрдем берсін!

Екі ел арасындағы мұсылмандардың бауырлық байланысы Беларусь пен Қазақстан арасындағы көршілес қарым-қатынасты күшейте түсетініне сенімдімін» делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру