БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ АТЫРАУ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

20 қыркүйек 2022 1730 0
Оқу режимі

Атырауға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы жұмыс сапарымен келді.

Бөлім меңгерушісі сапар аясында облыс имамдарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бірқатар құжаттар бойынша семинар жүргізді.

Атап айтар болсақ, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  қызметкерінің этикасы», «Діни қызметкерлер атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы, «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат», “Зияткер имам» тұғырнамасының мақсат-міндеттері туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Біздің мақсатымыз – имамдарды жан-жақты дамыту, тұлғалық бағытын жетілдіру. Мүфтият қабылдаған құжаттардың қай-қайсы да қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуды көздейді. Бұл мақсатта имамдар жетекші рөл атқарады” деді Смайыл Сүйерқұлұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру