ДІНИ САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

19 қыркүйек 2022 2319 0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн жиын өтті. 

Оған наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардағы діни сараптама мәселелері жөніндегі жауапты мамандары қатысты.

Жиында Қазақстанда басылып жатқан діни әдебиеттердің жүйелі сараптан өткізу мәселелері талқыланып, діни сарапта қызметінің маңызы сөз болды. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы діни сараптама жұмыстарының өзектілігіне арнайы тоқталып, өнім мазмұнының жіті тексерілуі қажеттігін атап өтті.

«Жарыққа шығып, мазмұнды әдебиеттер тізімін толықтырып отырған кітаптар көп-ақ. Дегенмен, оны терең сүзгіден өткізіп, қалың оқырманға сапалы дүние ұсыну – біздің міндетіміз» дейді Сансызбай Құрбанұлы.

Ал Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы осы уақытқа дейін атқарылған шаруаларға көз жүгіртіп, алдағы жоспарларын бөлісіп өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен әр өкілдікте кітаптарды бақылау және діни сараптама бөліміне әр тоқсанда есеп беру мақсатында бір наиб имамды жауапты етіп бекіткенін тілге тиек етті.

Онлайн жиын соңында әр облыстан қатысқан сараптама мамандары да нақты мәселелер бойынша тапсырма алып, ой қосып, ұсыныстарын ортаға салды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру