ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БАБАЛАР ІЗІМЕН» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

13 маусым 2024 1037 0
Оқу режимі

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен Астана қаласындағы Достық үйінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының танытымы болып өтті.

Игі шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешұлы және елордалық имамдар қатысты. Көпшілікке еңбектің құндылығы түсіндіріліп, кітаптың қысқаша мазмұны таныстырылды. Сондай-ақ, салтанатты түрде кітаптың лентасы қиылды.

Бұл еңбекте асыл дініміз исламның Қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі діннің алар орны мен бабалар ұстанған шариғат парыздары, иман негіздері, сондай-ақ мұсылмандық әдеп жоралғылары қамтылды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Дәстүрлі діни танымның тарихи негіздері» деп аталады. Екінші бөлім дәстүрлі діни таным ұстындарына арналды. Ал үшінші бөлімде дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен жазылған.

8 адам, үстел, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

3 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

қорап, картоннан жасалған пакет, қақпағы бар кір себет, чизкейк, брауни және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және "ИСЛАМ ЖЭнЕ ДЭСТУР КуНДЫЛЫЕЫ КЧЫ A 製" мәтіні кескіні болуы мүмкін

9 адам, жаңалықтар бөлімі және мәтін кескіні болуы мүмкін

10 адам, жаңалықтар бөлімі, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

14 адам, жаңалықтар бөлімі, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру