Елорда имамдары «Ихсан ілімі» бағыты бойынша жиын өткізді (ФОТО)

18 ақпан 2021 3387 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша «Ихсан ілімі бағытын кеңінен насихаттау» жұмыстарына қатысты кезекті жиналыс болып өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиын барысында «Рухани тәрбие. Ихсан ілімі» аясында Елорда өкілдігі бойынша атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұсыныс-талаптар тыңдалды.

Елорда төріндегі «Раиса ана» мешітінің жауапкершілігімен өткен жиын барысында дін қызметкерлері осы тақырыптағы арнайы бейнеролик тамашалап, көркем мінез жайындағы ақпараттық кітапшалармен танысты. Cондай-ақ, жиналыс барысында Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, баспасөз және мешіт істері бағыттарына жауапты мамандар есебі тыңдалды. Өкілдікке қарасты сайттар арқылы Елорда имамдарының қатысуымен түсірілетін видео және аудио өнімдер сапасы мен санын арттыру мәселесі қозғалып, жаңа міндеттемелер бекітілді. Жиналыс соңында имамдардың ұсыныс-талаптарына кезек беріліп, бірқатар мәсәлелер бойынша ортақ ой бекітті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру