ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ «РАМАЗАН СЫЙЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны бастау алды.
Ауқымды қайырымдылық шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске қолдау білдірді. Астана қаласы өкілдігі де аталған республикалық марафонға белсенді түрде атсалысты. Шараға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай, сондай-ақ елорда имамдары мен еріктілер қатысты.
Бас мүфти өз сөзінде қасиетті Құран аяттарына тоқталып, қайырымдылық жасаудың сауапты іс екенін атап өтті. Сонымен қатар, жыл басындағы Бағдарлық баяндамасында тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республика көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізудің маңыздылығын айтқанын жеткізіп, осы бастама аясында қасиетті Рамазан айында «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бұл игі шара – ел бірлігі мен ынтымағының, бауырмалдық пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Қайырымдылық марафоны қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасып, жалпы саны 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу көзделген.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!
.jpg)

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі