Елорда имамдарының кезекті жиыны өтті

08 сәуір 2026 179 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте елорда имамдарының кезекті алқалы жиыны ұйымдастырылды.

Маңызды басқосуға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрыллаұлы жетекшілік етіп, қаладағы барлық мешіттердің бас имамдары, сондай-ақ түрлі бағыттарға жауапты дін қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген жылдық жұмыс жоспарының орындалу барысы жан-жақты сараланып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Сонымен қатар алдағы кезеңде жүзеге асырылатын түрлі бағыттағы іс-шаралар талқыланды.

Бас имам Ерболат Нұрыллаұлы жиналған дін қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктеп, жұмыстарды жан-жақты күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мешіт қызметін жүйелі түрде жетілдіру, уағыз-насихат сапасын арттыру және заманауи талаптарға сай қызмет көрсету мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жиын соңында алдағы жоспарлар бекітіліп, ортақ міндеттер айқындалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Суреттерді толығырақ «Фотогалерея» айдарынан көре аласыз.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру