ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН ТУРНИР ӨТТІ (ФОТО)

13 ақпан 2024 1600 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттер арасында кеше ұлттық спорт ойындары бойынша «Ислам және дәстүр құндылығы» атты турнир өтті. Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған турнир Астана мешіттерінен 10 команда қатысып, ұлттық спорт түрлері бойынша күш жарыстырды.

Атап айтқанда, командалар асық ату, арқан тартыс, қол күрес, садақ, гір көтеру секілді бес спорт түрінен сайысқа түсті. Жалпы командалық ұпай бойынша турнирдің бас жүлдесін «Әл-Фараби» мешітінің «Насыр» командасы иеленді. Жүлделі ІІ орынға «Ғылмани» мешітінің «Қарашаңырақ» командасы қол жеткізсе, «Әр-Рахман» және «Раиса ана» мешітінің дін қызметкерлерінен құралған «Алаш» командасы ІІІ орынға көтерілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйытқы болуымен өткен тартыстың туринидің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар мен арнайы кубоктар табыс етілді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру