ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ «ИМАНИ ЖАЗ» ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

06 маусым 2023 2243 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты 15 мешіттің барлығында 8-15 жас аралығындағы жас жеткіншектерге арналған «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті. Биылғы жылы елорда мешіттерінде 2000-нан аса бүлдіршін Құран оқуды үйреніп, білім нәрімен сусындамақ.

Салтанатты кеште әр мешіттің бас имамы бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, бір ай бойы сабақ өтетін оқулықты таныстырып, тәтті дәмділер таратты.

Биыл «Әзірет Сұлтан» мешіті мен Республикалық Бас мешіт 500-600 балаға бір айлық сауат ашу курсын өткізсе, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті –170 бала, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Ырыскелді қажы және Әлжан ана мешіттері – 120 бала, Aqmeshit, Кунта қажы, Әл-Ғани және Раиса ана мешіттері – 70 бала,  Төлебай мешіті – 60 бала, Әл-Фаттах және Көктал мешіттері – 50 бала, Әр-Рахман мен Әс-Сәләм мешіті 30 баланы оқытпақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру