ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

28 ақпан 2026 125 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты елорда мешіттерінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай, сондай-ақ қала мешіттерінің имамдары қатысты.

Демеуші жандардың қолдауымен «Рамазан сыйы – зекет аманаты» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 100 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.

Іс-шараның басты мақсаты – зекет аманатын мұқтаж жандарға жеткізу, қоғамда жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын нығайту және қасиетті Рамазан айының рухани мәнін кеңінен насихаттау.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру