ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ӨТІП ЖАТЫР (ФОТО)

13 наурыз 2026 60 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде «Рамазан және бас имам сағаты» айдары аясында уағыз-насихат кездесулері тұрақты түрде өткізіліп жатыр.

Аталған кездесулер барысында елорда мешіттерінің бас имамдары жамағатпен жүздесіп, Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның адам өміріндегі тәрбиелік мәні, сауапты амалдардың маңызы туралы тағылымды насихат өткізіп жатыр.

Рухани мазмұнға толы кездесулерге жиналған жамағат пайдалы әрі танымдық мәліметтер алып, қасиетті айдың мән-мағынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы Рамазан айы бойы өткізіледі.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру