ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАМАҒАТҚА «НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНУ САҒАТЫ» ӨТТІ
14 наурыз 2026
46
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігінің Діни оқу-ағарту бағыты аясында елорда мешіттерінде жамағатқа арналған «Намаз оқып үйрену сағаты» өтіп келе жатыр.
Дәріс-семинардың басты мақсаты – намазды дұрыс оқу тәртібін түсіндіру, құлшылық мәдениетін арттыру және жамағаттың діни сауатын дамыту.
Аталған дәрістерді елорда мешіттерінің имамдары жүргізіп, жамағатқа намаздың шарттары, парыздары мен уәжіптері жайында кеңінен түсіндіріп келеді. Сонымен қатар қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алады.
Іс-шара барысында жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген «Намаз оқып үйрену» кітабы да таратылды.











Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру