ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНЕ 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰРМА ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
.jpg)
Қасиетті Рамазан айына орай Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешіті мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана филиалының ұйытқы болуымен қаладағы құлшылық ордаларына 2 тонна құрма таратылды.
Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай, «Әлжан ана» мешітінің ұстазы Тазабек Арапұлы қатысты.
Қала бас имамы мұндай қайырымдылық істерінің бірлік пен жанашырлықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдіріп, олардың еңбегіне береке тіледі. «Әзірет Сұлтан» мешітіне келген құрма қораптары елорда мешіттеріне таратылады.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі